Kz

PDAC көрмесі туралы

PDAC Convention – геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі және инвестициялар саласындағы әлемдегі ең ірі әрі ең беделді халықаралық конференциялар мен көрмелердің бірі.
Жыл сайын Канаданың Торонто қаласында өтіп, 135-тен астам елден 25 000-нан астам қатысушыны, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерін, тау-кен компанияларын, инвесторларды, геологтарды, технологиялық және сервистік компанияларды біріктіреді.
Конвенция минералдық-шикізат секторындағы жобаларды таныстыру, инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жетекші жаһандық алаң болып табылады.